Антикор Telegram ботын іске қосты

Антикор Telegram ботын іске қосты
Сурет: интернеттен

Бот жемқорлыққа қатысты шағымдарға арналған.

Осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты.

Осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады.

Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша жарияланады. Айта кетейік, басқа мәселелер бойынша азаматтар 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.