Алматының тарихи-мәдени ескерткіштерінің көбі осы ауданда орналасқан

Алматының тарихи-мәдени ескерткіштерінің көбі осы ауданда орналасқан
Сурет: Silkadv.com

Биыл Райымбек батыр кесенесін қайта жаңарту жоспарлануда.

Бүгін аудан халқымен кездескен қала басшының айтуынша, Алмалы ауданында 45 мәдени-демалыс нысандары мен 53 тарих және мәдениет ескерткіші орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл Мәуленов көшесінде коворкинг аймағы мен балаларды дамыту орталығы бар жаңа кітапхана ашылып, аудан кітапханаларының жалпы саны 8-ге жетті. Аудан кітапханалары 10 саябақ пен скверлерде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары бар «Жарқын жаз» маусымдық жобасын іске асырады. Сонымен қатар, биылғы жылы Райымбек батыр кесенесін қайта жаңарту жоспарлануда.