Алматының көлік қозғалысында қаладағы негізгі тартылыс нүктелері ескеріледі

Алматының көлік қозғалысында қаладағы негізгі тартылыс нүктелері ескеріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Көлік қаңқасының моделі қаладағы ең тартымды және тартымдылығы аз аймақтарды талдау, сондай-ақ жұмыс орындарының шоғырлануы негізінде қалыптасады, деп хабарлады әзірлеушілер қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қоғамдастығы алдындағы жоспардың тұсаукесерінде.

Жүргізілген талдауға сәйкес, Алматыда жұмыс орындарының 70% шоғырланған ағындарды тартудың 3 аймағын бөлуге болады. Зерттеу үшін қызмет түрлерінің санаттарымен (мысалы, сауда нысаны – «көтерме және бөлшек сауда» қызмет түрі) және сыйымдылығымен, яғни жұмыс орындарының санымен байланысты тұрғын емес нысандардың картасы пайдаланылды.

Бұған қоса, қаңқаның нұсқасын таңдау кезінде басқа да тарту нүктелері ескеріледі: ірі сауда орталықтары мен базарлар, көлік хабтары, табиғи, мәдени, спорттық және білім беру нысандары.

Шебер-жоспарды «Алматыбасжоспар» және кешенді көлік жобаларын іске асыру саласындағы сарапшылар әзірлеген.