Алматының индустриялық аймағы қарқынды дамып келеді

Алматының индустриялық аймағы қарқынды дамып келеді
Өңірлік коммункация орталығы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының индустриялық аймағы басшылығының қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте сөз сөйлеген Алматының Индустриалды аймағының директоры Алишер Сатыбалдиев АИА қатысушылар саны мен тартылатын инвестициялар көлемі бойынша ҚР-дағы ең ірі аймақ екенін атап өтті.

«АИА өңірдің өнеркәсіптік, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымдық қолдау көрсететін және оларды орналастыру үшін жер учаскелерін беретін маңызды құрал болып табылады", - деп атап өтті А. Сатыбалдиев.

Ағымдағы жылы Алматы индустриялық аймағының аумағында 565 жұмыс орнын құрумен 10 инвестициялық жоба ашу жоспарлануда:

- «Telli Ondiris» - тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын шығаратын зауыт; 

- «Розан Азия» - халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын шығаратын зауыт; 

- «Kapital Construction» - арматуралық тор, кварц агломераттары және профильді құбырлар шығаратын зауыт; 

- «ЖБИ Гарант» - толық циклді темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт;

- «Kazakhstan Mobility Engineering» - автомобильдерге арналған электрондық аудио және бейне жабдықтар шығаратын зауыт;

- «Vehicles Almaty» - автомобиль орындықтарын шығаратын зауыт;

- «АвтоПластТехнолоджи» - автомобильдерге арналған резеңке және пластик бұйымдар шығаратын зауыт;

- «Astana Motors Engineering» - қойма үй-жайлары;

- ауданы 5100 шаршы метр «Almaty Building & Co» КП шағын өнеркәсіптік паркі;

- ауданы 3000 шаршы метр «Industrial Place» шағын өнеркәсіптік паркі. 

Құрылған сәттен бастап Алматы индустриялық аймағының аумағында жалпы сомасы 128,8 млрд теңгеге 30 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 3543 жұмыс орны құрылды. Осы кезеңде компаниялар 1 746 млрд теңгеге өнім өндіріп, 45,8 млрд теңгеге салық төледі.