Қаржы пирамидасын қалай танимыз?

Қаржы пирамидасын қалай танимыз?
Сурет: L-a-b-a.com

Қазір еліміз бойынша пирамидаға ақша салып, алданып қалғандар саны күн сайын көбейіп жатыр.

Осыған байланысты, халықты сауаттандыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларының 10 белгісін атап көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

  1. Ақша қаражатының елеулі сомасын салу қажет.
  2. Капиталға уәде беретін өте жоғары пайыздар.
  3. Ақшаны қайтару үшін таныстарыңызды тарту керек.
  4. Жоба «ноу-хау» ретінде ұсынылады.
  5. Компания жақында тіркелген, оның ең аз жарғылық капиталы және жалғыз құрылтайшысы бар.
  6. Әлеуметтік желілердегі белсенді және жалықтыратын жарнама, түрлі презентациялар, мүмкін түрлі сыйлықтардың, жолдамалардың ұтыс ойындары, парақшаларды жаппай тарату, пошта және e-mail тарату.
  7. Шартта жауапкершілік көрсетілмеген.
  8. Компания өзін «микроқаржы ұйымы», «несие бюросы», «қарызға қарсы бағдарлама», «қаржылық қызметтер орталығы» ретінде атайды.
  9. Қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын қолданбай, интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады.
  10. Ұйымның азаматтардан ақша тартуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы жоқ.

Егер Сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз Қаржылық мониторинг агенттігіне жүгінуіңізді сұраймыз. ҚМА сенім телефоны: +7 (7172) 708-478.