Алматының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Алматының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Сурет: Total.kz

Жаңа талаптар бойынша Ashyq жобасына қатыспаған әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысына шектеулер енгізіледі.

23 шілдеде Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-Akshamy.kz.

COVID-19 індетінің таралуының алдын алу үшін Ashyq жобасына қатысы жоқ сауда орталықтарының, азық-түлік сатпайтын дүкендер мен базарлардың, ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеулер енгізіледі.

Мобильдік топтар әлеуметтік-экономикалық объектілерді, оның ішінде Ashyq жобасына қатысушыларды бақылауды күшейтеді.

Қала тұрғындары санитарлық талаптарды орындап, бетперде кию режимін сақтауы тиіс.