Сенатта комитет басшылары сайланды

Сенатта комитет басшылары сайланды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бұған дейін Сенат төрағасы мен оның орынбасары тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Бүгін Парламент Сенатында комитет басшылары сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Андрей Лукин Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарды.

Асқар Шәкіров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Сүйіндік Алдашев Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып  тағайындалды.

Нұртөре Жүсіп Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.

Әли Бектаев Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.