Алматылықтар заңгерге сеніп, алданып қалды

Алматылықтар заңгерге сеніп, алданып қалды
Сурет: Ria.ru

Ол қамауға алынды. Оның үстінен үш адам арыз жазған.

Пайызсыз несие алып беруге уәде еткен заңгер алматылықтарды алдап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы Т.есімді азамат заңгерлік кеңседе заңгер ретінде интернетте азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы пайызсыз несие алуға көмектесемін деп өз қызметін ұсынған.

«Тергеу барысында оның пайдакүнемдік мақсатта интернетте пайызсыз несие алуға көмектесетіні туралы жалған хабарландырулар жариялағаны анықталды. Тіпті нашар несие тарихы бар адамдарға да көмектеспек болған. Қарыз алушылармен келіссөздер тек WhatsApp мессенджері арқылы ғана жүргізілді. Ер адам электрондық аударым арқылы қызмет ақысын алған, содан кейін ол хабарландыруды алып тастап, ұялы телефонды өшіріп тастаған», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.