Алматылықтар Sinopharm-ды қашан салдырады?

Алматылықтар Sinopharm-ды  қашан салдырады?
Сурет: 1tv.ge

Алматыға 10 тамыз күні қытайлық Vero Сell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын.

 Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қытайлық Sinopharm вакцинасы қала тұрғындары үшін қашан қолжетімді болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Жақында Қазақстанға Sinopharm фармацевтикалық кешені өндіретін Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Қазіргі уақытта Vero Cell вакцинасы «СҚ-Фармация» қоймасында. Вакцина Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына әлі түскен жоқ. Вакцина емханаларға түскен бойда, халыққа ақпарат беріледі. Тамыздың ортасында препаратпен вакциналау басталады деп күтіледі», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.