Алматылықтарға бизнес гранттарын уәде етіп, алдап кеткен күдікті анықталды

Алматылықтарға бизнес гранттарын уәде етіп, алдап кеткен күдікті анықталды
Сурет: Polisia.kz

34 жастағы Алматы тұрғыны кәсіп үшін мемлекеттен тегін грант алып беруді ұсынды.

Аңғал азаматтар бейтаныс адамға қызметі үшін сый ретінде қомақты ақша аударған. Қазір уақытта полицияға алданып қалған 5 алматылық азамат жүгінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

«Бұл эпизодтардың барлығы ірі алаяқтық негізінде бір өндіріске біріктірілді. Қазір басқа да ықтимал деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.