Алматылықтарға 2023 жылы 223 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Алматылықтарға 2023 жылы 223 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылдың басынан бастап Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындардан келіп түскен  8 мыңға жуық өтінішті қарады. Жоспардан тыс тексерулер мен заңгерлік кеңес беру нәтижелері бойынша тұтынушыларға 223 929 миллион теңге қайтарылды. Бұл деректермен Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев бөлісті.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Департамент 100 жоспардан тыс тексеру жүргізді, 314 әкімшілік жаза қолданылды.

Ең көп өтініштер бөлшек сауда бойынша келіп түсті.

Өтініштер саны бойынша екінші орын электрондық саудаға тиесілі. Тұтынушылардың тұрмыстық қызметтер, ТКШ және білім беру қызметтері саласындағы құқықтары жиі бұзылады. 

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бұзушылық тұтынушының шағымына 10 күндік күнтізбелік мерзімде жауап бермеу, сауда саласында -  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңнамада белгіленген сауда үстемесін бұзу болып табылады», - деді Н. Әбдиев.

Ішкі нарықта отандық өндірушіні қорғауды қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерге қоғамдық мониторинг шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу құқығын беру, сондай-ақ олардың белгісіз адамдар тобын қорғауға қатысты талап қою мүмкіндігін енгізу жоспарлануда.

Қоғамдық бірлестіктердің қызметін интеграциялау шеңберінде тұтыну нарығын қорғау мүддесінде қалалық ахуалдық штабтың жұмысы іске асырылуда, оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері және бизнес субъектілері кіреді.

«Сапасыз азық-түлік тауарларын анықтау және оларды  өткізудің жолын кесу мақсатында Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері импорттық азық-түлік өнімдерінің тәртібін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі нормалары мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін зерттеу мақсатында мониторинг жүргізуде», - деп бөлісті ӨКҚ спикері.

Сондай-ақ Департамент қызметіндегі басым бағыт тұрақты негізде жүргізілетін және оның шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу туралы мәселелер қаралатын азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбектері бойынша делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның отырыстарын үйлестіру және өткізу болып табылады.

ӨКҚ спикері 2023 жылдың қорытындысы бойынша 43 отырыс өткізілгенін хабарлады. Комиссия қызметінің нәтижелері бойынша тиімсіз делдалдар түріндегі бұзушылықтардың, сондай-ақ сауда саласындағы заңнаманы бұзудың 175 фактісі анықталды және жойылды. Жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты 163 әкімшілік хаттама жасалды

«Ұсынылған материалдардың нәтижелері бойынша сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қабылданады, сондай - ақ тұтынушылар үшін өнімнің түпкілікті құны төмендейді», - деп қорытындылады ол.

Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда екенін және  әлі де жалғастырылатынын айтты.