Алматылықтарды алдап соққан «дөңгелек сатушы» ұсталды

Алматылықтарды алдап соққан «дөңгелек сатушы» ұсталды
Сурет:Вaigenews.kz

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматылықтарды 15 млн теңгеге алдап соққан «дөңгелек сатушы» қолға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскөй өзін дөңгелектер мен дисктерді тек көтерме жеткізуші ретінде ұсынды. Алам деушілерге тікелей қоймадан арзан бағадағы тауарды алып беруге уәде берген.

«30 жастағы Е. есімді азамат тауар төлемін алдын ала алған. Ол «сатып алудың» көлеміне қарай 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі қаржы болған. Ер адам уәдесін орындамаған соң, алданған 12 азамат полицияға арыз жазған. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде. Тергеудің қазіргі кезеңінде жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгеден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Полиция тергеу қажеттілігін ескере отырып, Е. есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдардың мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8-700-300-99-96; 8-778-626-11-08.