Алматылықтар тұрақтың ақысын кімге төлеп жүр?

Алматылықтар тұрақтың ақысын кімге төлеп жүр?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

15 шілдеден бастап A-Parking қызметін тоқтатты.

Almaty Parking компаниясы тротуар типті қалалық ақылы автотұрақтарды басқаруды тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Компанияның хабарлауынша, A-Parking 2023 жылдың 15 шілдесінен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Алайда бұл жаңалық бүгін, 20 шілде күні ғана белгілі болды.

"Төлем тоқтатылды", – делінген A-Parking компаниясының Facebook-тегі жазбасында.

Компания автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттіктер Алматы әкімдігіне берілгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта тротуарлар тұрақтарында бұрын компанияның басқаруында болған автотұрақ үшін төлем алынбайды. Қазіргі уақытта Алматы қалалық мобильділік басқармасы жаңа бірыңғай оператор құру рәсімдерін аяқтап жатыр, ол жақын арада ақылы тротуарлар тұрақтарына қызмет көрсетуді бастайды" делінген A-Parking компаниясының ақпаратында.