Алматылық ұстаз қала әкімінің білім беру саласына аса мән беріп жатқанын айтты

Алматылық ұстаз қала әкімінің білім беру саласына аса мән беріп жатқанын айтты
Сурет: Almaty.tv

Дарын Сайынов «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасына пікірін білдірді.

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады.

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. «Алматының жыл мұғалімі» байқауының 1-орын иегері атанған ұстаз Дарын Сайынов та пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол өз сөзінде қала әкімінің білім беру саласына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.

«Мектеп салу, олардың сапасын көтеру, функционалды сауаттылықты арттыру. Мектептегі әкімшілік қызметкерлер мен мұғалімдерді оқыту бағдарламасын енгізуге оң қарамаймын. Сондай-ақ маған 30 иновациялық бағдарлама ұнап тұр. Осы негізде 4 замануаи орталық құрылады. Алдағы уақытта олардың саны артады деп сенемін. PISA бағалау жүйесіне мән бергенде дұрыс. Өйткені ол халықаралық бағалау жүйесі. 2030 жылға дейін 5 оқу орнының базасына танымал халықаралық мектептерді брендімен және басқарумен әлемдік мектептер құру деген ұсыныс өте жақсы. Енді бұл жағдайдың басты шешімі мектептердегі балалар санын азайту деп ойлаймын. Тағы да айтатын болсақ, мектеп автобусы бағдарламасы қатты ұнап тұр. Жалпы қала әкімі білім беру саласына қатты мән беріп жатыр», – деді Дарын Сайынов.