Алматылық дәрігерлер ми гематомасымен ессіз күйде жеткізілген науқастың өмірін арашалап қалды

Алматылық дәрігерлер ми гематомасымен ессіз күйде жеткізілген науқастың өмірін арашалап қалды
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Алматылық дәрігерлер 45 жастағы әйелден кеңейтілген инсульттан кейінгі гематоманы алып тастады.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ессіз күйде Алматы қаласының тұрғыны 45 жасар әйел келіп түсті. Жүргізілген компьютерлік томографияның нәтижесінде әйелде үлкен көлемді ми іші гематомасымен инсульт диагностикаланған. Бөлімше меңгерушісі Марат Алматов бастаған нейрохирургтар командасы пациентке шұғыл түрде операциялық араласу - бас қаңқасы трепациясын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, операцияның барысында хирург гематоманы немесе ұйып қалған қанды толығымен алып тастай алды. Ота бір жарым сағатқа дейін созылды.

«Егер де гематоманы алмаған жағдайда, онда пациенттің болжамды жай-күйі жағымсыз бітер еді. Пациенттің миына қан кетіп, оның салдары тым қиын болар еді- яғни, мүгедектіктен өлім салдарына дейін баратын еді», - деді нейрохирург Марат Алматов.

Маманның айтуынша, пациент бір күннен соң өз бетімен қозғалып жүре бастады.

«Пациенттің мұндайдан соң аяғына тік тұруы өте сирек кездесетін жай. Әдетте, 90% науқаста осындай операциядан соң іс-қимыл және сезу қабілеті, мәселен аяғы мен қолының қиымыл мен сезімтал болуы бұзылады. Біз операцияның сәтті өткеніне қуаныштымыз», - деді дәрігер.