Алматылық акробаттар Азия чемпионатында жеңімпаз болды

Алматылық акробаттар Азия чемпионатында жеңімпаз болды
Сурет: Zakon.kz

Павлодарда акробатикадан ХII Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарыста Алматы акробатика мектебінің өкілдері жоғары деңгейдегі екі медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оған 5 елден 150-ге жуық спортшы қатысты. Алматылықтар құрлық біріншілігінде нағыз сенсация жасады. Алматылық акробаттар кейінгі 5 жылда алғаш рет аралас жұптық жаттығуларда бірден 2 алтын жеңіп алды.

«Біздің тәрбиеленушілеріміздің осындай үлкен және жауапты бастамадағы жетістігі - ең әуелі, СДЮШОР №9 мамандарының, атап айтқанда, жаттықтырушылар мен хореографтардың еңбегі. Көз алдымызда жігіттер күн сайын екі рет дайындалып, сәтті өнер көрсетуге ынталанды», - деді СДЮШОР №9 спорт мектебінің директоры Айсұлу Серікқызы.

Азамат Саусақбаев, Медина Мәдиқызы, Руслан Коцюба, Максим Сандулов, Илья Маслов және Батырхан Бақытжанұлы жоғары дайындықты көрсетіп, биылғы Азия чемпионатының жеңімпазыы атанды.