«АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері сотталды

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері сотталды
Сурет: 1obl.ru

Ол Алматы облысындағы 3 ауылдың жарыққа төлеген ақшасын жымқырған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, 2019 жылдан 2022 жылға дейін, құқығы болмаса да ауыл тұрғындарынан тұтынылған электр энергиясы үшін төлем қабылдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Яғни Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылының тұрғындарына жалған төлем түбіртектерін беріп, алған ақшаны өз қажетіне жаратып отырған.

"Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін әріптестерінің логиндері мен құпия сөздерін пайдаланып, дерекқорға жалған ақпарат енгізген", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғынын электр желісінен ажыратуға жол бермеу, сондай-ақ 16 миллион теңгеге жуық залалдың орнын толтыру шараларын қабылдады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.