Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Baq.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 19 сағат 31 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 626 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV тербелісі – 3,9. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.