Ақтөбелік қыз Сеулдегі Хеллоуинде қаза тапты

Ақтөбелік қыз Сеулдегі Хеллоуинде қаза тапты
Сурет: Focus.ua
Бұл туралы ақпаратты Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.     

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде.

Соңғы мәлімет бойынша 151 адам қайтыс болды. Олардың 19-ы шетелдіктер. Арасында – Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.