Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 1 наурыз күні сағат 08:18-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,8. MPV магнитудасы - 3.8. Жер сілкінісінің координаттары 44,51° с.б. 79,89° ш.б. Тереңдігі - 15 км. Сезілгіштігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында - жоқ,- делінген хабарламада.