Алматыдағы өрт себебін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Алматыдағы өрт себебін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына келді.

Айта кетейік, үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.