Алматыдағы оқу орнында 2 жарым ғасырлық тарихы бар кітап сақталған

Алматыдағы оқу орнында 2 жарым ғасырлық тарихы бар кітап сақталған
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

264 беттен тұратын көне кітап өте сирек кездесетін туынды саналады.

1772 жылы жарық көрген жәдігер "Опытъ историческаго словаря о россійскихъ писателяхъ" деп аталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасында сақталған ең көне кітаптың «жасы» 251-де. Көне кітаптың парақтарына зиян келтірмеу мақсатында ол барлығына бірдей көрсетілмейді. Бұл ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі Кітапханашылар күніне орай бөлісті.

Көне кітаптарға қорған болған кітапхана университет ашылғаннан кейін 4 жылдан соң 1948 жылы қаланды. Бастапқыда мұнда 1500 ғана кітап болған. Ал қазір кітап қоры бір жарым мыңнан 1 084 743-ке жеткен.