Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады

Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады
Сурет: Ашық дереккөз

Тариф төмендеді

Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билетінің бағасын төмендетті. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция Институты» РМК-на кіру билеттерінің тарифтерін белгілеуде бұзушылықтарды анықтады. Прокурорлық қадағалау актісімен Ботаникалық баққа келуші азаматтарға арналған тарифі 103 теңгеге төмендетілді»,- деліген хабарламада.

Бұған дейін Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры 2021 жылдың 10 сәуірден бастап ересектер билетінің бағасы 608,30 теңге, студенттік билет – 338,30 теңге, зейнеткерлік және мектеп билеті - 158,30 теңге болатыны туралы айтқан болатын.