Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды
Cурет: Ашық дереккөз

Сайысқа 120 спортшы қатысып жатыр

Алматыда үстел теннисінен жастар арасындағы дәстүрлі халықаралық «Алтын күз» турнирі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Турнирде алдымен қыздар арасында үздіктер анықталады. 120 спортшы қатысып жатқан жарыс үш жас категориясы бойынша өтеді. 

Айта кетейік, финалдық кездесулер бүгін, 31 қазанда өтеді. Содан кейін жігіттер жарыс жолына шығады.