Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін сабап тастады

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін сабап тастады
Сурет: Polisia.kz

Алматыда қоғамдық көлікте тағы жанжал шықты. 

Жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық жол полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін сағат 8:00 шамасында Бостандық ауданында қоғамдық көлік ішінде тағы бір жанжал шықты.

«98-маршруттағы автобуста 38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, автобус жүргізушісіне дене жарақатын келтірген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұзақылық фактісі бойынша сараптама тағайындалды», - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Дидар Аханов.

Күдікті сол сәтте жұмысқа кешігіп жатқанын айтып, жүргізушіден автобусты тезірек жүргізуін талап еткені анықталды.