Ағын су Атбасарға жетті

Ағын су Атбасарға жетті Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
Ақмола облысының Атбасар қаласында Жабай өзенінің деңгейі сыни белгіден асып түсті. Қалада лезде ескерту жүйесі іске қосылып, тұрғындарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


ТЖД мәліметінше, 11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзенінің төгілуі орын алды.


"Барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде."ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды.



Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі қала көшелерінің бірінен бейнежазба жариялады.
























Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов үндеу жолдап тұрғындардан дүрбелеңге түспеуін өтінді.




"Судың күрт өсуіне байланысты Жабай өзеніне жақын алты учаскеде су тасқыны болды. Су тасқыны қаупі бар аймақтардың тұрғындары тұрғын үйлерден қауіпсіз аймаққа кетуі керек. Ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды. Барлық тұрғындардан дүрбелеңге түспеуін сұраймын. Қалада эвакуациялау пункттері ұйымдастырылған. Зардап шеккендерге залал өтеледі. Менің басшылығыммен жедел штаб құрылды".Аманбек Қалжанов




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04