Алматыда жеңіл атлетикадан тегін секциялар жұмыс істейді

Алматыда жеңіл атлетикадан тегін секциялар жұмыс істейді
Сурет: ашық дереккөз

«Алматы мектептеріндегі KidsAthletics» жобасы қала мектептерінің базасында үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді.

Бағдарламаға қаланың 8 ауданындағы 31 мектеп қатысады. Барлық жалпы білім беретін мектептің оқушылары жеңіл атлетикамен айналыса алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған 6-16 жас аралығындағы балалар қабылданады. Жаттығу 1,5 сағаттан аптасына 3 рет, жазда да өтеді. Жарыс айына екі рет өткізіледі. Жаттығу мен жарыс барысында балалар кәсіби спортқа жолдама ала алады. 3 жылда 130 бала олимпиадалық резерв мектебіне (№2 БЖМОРМ) ауыстырылды. Толық ақпаратты Алматы қаласы жеңіл атлетика федерациясынан +77019372525 телефоны арқылы алуға болады.