Алматыдағы ВИЧ жұқтыру фактісі бойынша тексеріс басталды

Алматыдағы ВИЧ жұқтыру фактісі бойынша тексеріс басталды
Сурет: Оpharme.ru

Бұл туралы бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Денсаулық сақтау министрлігі Алматының орталық қалалық клиникасында АИТВ (ВИЧ) жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеріс бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы факті бойынша ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеріс бастады. Комиссияның құрамына министрліктің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылды", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Қосымша ақпарат комиссия жұмысының қорытындысы бойынша беріледі.

Бұған дейін ЖИТС орталығының мамандары Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханасында ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтағаны хабарланған болатын.

Осыған қатысты шұғыл комиссия құрылды. Комиссия АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізіп, донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар тексерілді. Зерттелгендердің барлығында теріс нәтиже шықты.