Алматыда жас сарбаздар ант қабылдады

Алматыда жас сарбаздар ант қабылдады
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің даңқты қолбасшы Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде жас толықтырылым сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.

Әскери ант мәтінінде зор мағына жатыр. Бұл туралы өздерінің құттықтау сөздерінде әскери бөлім командирі, подполковник Бағлан Кенбейлов, Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Данияр Қасымов, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Ануар Юсупов, Жамбыл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Эрнест Жанболатов, Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ерсін Жагипаров және ардагерлер, құрметті қонақтар мен жас сарбаздардың ата-аналары да айтып өтті, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

photo

photo
photo

photo

Жас сарбаздар әскери дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады, алдағы уақытта олар әскери қызметтің шеберлігі мен құтқару дайындықтарын меңгеріп, саптық және дене дайындығын жалғастырады.

Ант қабылдап, нағыз сарбаз атанған жас жауынгерлер алдағы уақытта республика көлемінде азаматтық қорғаныс саласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат болған жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша түрлі міндеттерді орындайды.

Сонымен қатар, шара барысында Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас Абай облысындағы алапат өрттің салдарын жоюға қатысқан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілері мен бөлімнің жауынгерлеріне алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo