Алматыда жанып жатқан үйден балаларды құтқарған әскери қызметкер марапатталды

Алматыда жанып жатқан үйден балаларды құтқарған әскери қызметкер марапатталды
Сурет: Zakon.kz

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі, 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін "Ел қорғаны" медалімен марапатталды, деп жазады Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады.

15 желтоқсан Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққан болатын. Әскери қызметші ол туралы таныстарынан естіп, ойланбастан оқиға болған жерге барған. Жандос Барлыбаев  өртке оранған 2-ші қабатқа терезе торларымен көтеріледі. Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, сондай-ақ анасының жанып жатқан ғимараттан шығуына көмектескен.