Алматыда жалға алынған электрсамокаттар үшін шектеу аумақтары бекітілді

Алматыда жалға алынған электрсамокаттар үшін шектеу аумақтары бекітілді
Almaty-akshamy.kz

Жол қозғалысы барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында және қоғамдық орындарда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматыда кикшеринг компанияларымен бірге қала әкімдігі электрсамокаттардың жүруі шектелетін орындарды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Мәселен,электрсамокаттармен Южный, 28 Панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында жүруге болмайды. Сонымен қатар ҚБТУ алдындағы және Северный скверлерінде, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғ. Назарбаев даңғ Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурдат жүруге шектеу қойылған. Бұдан басқа, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев көшесінде Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі. Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады. 

 Шектеулер электросамокаттарды жалға беруші компаниялардың арнайы қосымшаларында көрсетілетін болады. Қолданушылар ережелерді сақтауы, адамдар көп жиналған орындарда үлкен жылдамдықпен жүрмеулері тиіс.