Алматыда вакцина салдыруға тиіс халықтың саны - 1 млн 313 мың

Алматыда вакцина салдыруға тиіс халықтың саны - 1 млн 313 мың
Сурет: Strategy2050.kz

Қалада 85 вакцинация пункті бар екенін, құрамында 313 адам бар 99 екпе бригадасы жұмыс істеді.

Алматыға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вице-премьер қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында Алматы қаласы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова халықты вакциналау барысы туралы баяндама жасады.

«Қалада вакцина алуға тиіс халықтың саны - 1 313 040 адам. 2021 жылдың ақпан айынан бүгінге дейін вакцинаның 1 компонентімен 1 228 761 адам, 2 компонентпен 1 194 146 адам егілді. 2021 жылдың қараша айынан бүгінге дейін ревакцинациядан 499 043 адам өтті. Бүгінгі күнге Pfizer вакцинасымен 117 554 адам егілді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Ол сондай-ақ қалада 85 вакцинация пункті бар екенін, құрамында 313 адам бар 99 екпе бригадасы жұмыс істейтінін жеткізді.

«Вакцинаның барлық түрінің осы айға қалған қалдығы бойынша 1 компонентке — 64 094 доза, 2 компонентке — 90 605 доза, ревакцинацияға — 103 543 доза бар. Жалпы, 258 242 доза бар», - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.