Алматыда тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы ашылды

Алматыда тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы ашылды
Сурет: 24.kz

Еліміздің университеттерінде жұмыс істейтін қазақ тілі бойынша диссертациялық кеңестер енді бір жерден басқарылады.

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы құрылды, Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұдан былай жас ғалымдардың ана тілімізге қатысты диссертациялық жұмыстарының тақыбыры мен зерттеу саласы бір-бірін қайталамайды. Білікті ғалымдардан құралған алқа мүшелері, шәкірттердің ғылыми жұмыстарын қадағалап, бағыт-бағдар беріп отырады. Орталыққа Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев басшылық етеді. Мамандар: «бұл бастама, тың әдістемелік-теориялық материалдарды жіктеп, зерттеуді күшейтуіге мүмкіндік береді», - дейді. 

Фаузия Оразбаева, ҚР ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі: - Ең алдымен диссертацияның тақырыбы бекітілерде осы үйлестіру орталығының алдынан өтеді, комиссия оны қарайды. Егер ол қайталанса немесе нақты емес ұсақ-түйек мәселені сөз етсе ол тақырыпты бекітпейді. Өйткені, қазір кейбір кеңестердегі диссертациялар қайталанып, оның нәтижесі де, пайдасы да болмай жатыр. Ал оны дұрыс жолға қоюдың бағытын, бағдарын айқындайды.