Алматыда «Тәңіршілдік мифологиясы» атты кітаптың таныстырылымы өтті

Алматыда «Тәңіршілдік мифологиясы» атты кітаптың таныстырылымы өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада жазушы, эссеист, әдебиеттанушы, PhD докторы, философия ғылымдарының кандидаты Әсел Омардың «Әдебиет – ынтымақтастық пен бостандыққа апарар жол» тақырыбындағы «Әліпби», «Тәңіршілдік мифологиясы. Жеке және Құдайшылдық» және «Асқаров уақыты» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Іс-шараны философия ғылымдарының докторы, философ, филолог, мәдениеттанушы Наурызбаева Альмира Бекетқызы жүргізді.

Сондай-ақ шарада Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқаров Әлібек Асылбайұлы, Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті, жазушы Бигелді Ғабдулин және тағы басқа ақын-жазушылар кітапқа қатысты ой-пікірлерін білдірді.

Іс-шараға белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар, әдебиеттанушылар, кітапханашылар, оқырмандар, оқытушылар мен студенттер қатысты.