Алматыда «Спутник Лайт» вакцинасы ревакциналау үшін қолжетімді

Алматыда «Спутник Лайт» вакцинасы ревакциналау үшін қолжетімді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Вакцина қаладағы барлық емханаларда қолжетімді болады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке  сүйенсек, «Спутник Лайт» вакцинасы, ревакцинациялауға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Вакцина осы жылдың 24 қаңтарынан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.

«Ревакцинациялау вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – бұл векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градустан сақтау режимде сақталады»,-делінген хабарламада.

Алматыда ревакцинацияға арналған келесі вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады.