Алматыда Ресейден мигранттар қаптағанда ашылған күшейтілген ХҚО жабылды

Алматыда Ресейден мигранттар қаптағанда ашылған күшейтілген ХҚО жабылды
Сурет: Kapital.kz

Енді шетелдіктер ЖСН алу үшін кез келген ХҚО-ға немесе «Банк Центр Кредит» бөлімшелеріне жүгіне алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы Жетісу ауданында ашылған күшейтілген ХҚО-ның жұмысын тоқтайты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде шетел азаматтары тарапынан ЖСН алушылар қатары азаюына орай, бүгіннен, яғни 8 қарашадан бастап Алматыда ашылған күшейтілген ХҚО жабылды. Енді шетелдіктер ЖСН алу үшін кез келген ХҚО-ға немесе «Банк Центр Кредит» бөлімшелеріне жүгіне алады»,- деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, шетел азаматтарының ағылып келуіне орай, Халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке сәйкестендіру номерін рәсімдеу үшін, «Құлагер» ықшамауданында күшейтілген ХҚО ашқан болатын.