Алматыда өте сирек кездесетін Сібір қандығы өсімдігі гүлдеді

Алматыда өте сирек кездесетін Сібір қандығы өсімдігі гүлдеді
Сурет: Ашық дереккөз

Өсімдіктің биіктігі сирек жағдайда 30 см-ден асады

Алматыда ботаникалық бақтың Альпинарий жабық коллекциялық учаскесінде Сібір қандығы өсімдігі гүлдеді. Бұл туралы ботаникалық бақтың ұжымы желідегі парақшаларында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бақтың мәліметінше, Сібір қандығы - ерте көктемде, қар кеткен соң гүлдейтін өте әсем өсімдік. Қандықтың бірегейлігі оның реликтік шығу тегімен сипатталады. Ол шамамен 65 млн жыл бұрын динозаврлардың жойылуы кезінде өмір сүрген.

«Сібір қандығы (лат. Erythrōnium sibīricum) – лалагүлділер тұқымдасының Қандық (Erythronium) тұқымдасының бір түрі, көп жылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің биіктігі сирек жағдайда 30 см-ден асады. Тамыры - біркелкі цилиндрлік шамға ұқсас. Екі жапырағы ортасында немесе түбіне жақын жерде орналасқан, олар жасыл дақтары бар бір түсті сұр-жасыл немесе қызыл-қоңыр түсті. Гүлдері үлкен қызғылт-сирень немесе күлгін, сирек жағдайда ақ түсті болады. Гүлсерік сыртқа қатты иілген 6 жапырақшадан тұрады. 6 аталығы бар, олар жапырақшалардан екі есе қысқа болады. Көктемгі суық кезінде өсімдік жапырақшаларын жинап, гүлді жауып тастайды. Гүлдеген соң, ұзындығы 15-20 мм шағын үшбұрышты қорап секілді болады. Сібір қандығы Оңтүстік Сібір аумағында кездеседі, Моңғолия, Орта Азия және Қытайдың таулы аймақтарына таралған. Бұл Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген, өте сирек кездесетін өсімдік», - делінеді бақ таратқан хабарламада.

Сібір қандығы ботаникалық бақтың Альпинарий коллекциялық учаскесінде 1998 жылдан бері өсіп келеді.

«Бұл учаскенің кураторлары - аға ғылыми қызметкерлер Ирина Анатольевна Съедина және Ирина Геннадьевна Отрадных. Жақын уақытта біз Альпинарийға эксклюзивті экскурсияларды бастауды жоспарлап отырмыз, біздің жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар», - деп хабарлады бақ ұжымы желіде.