Алматыда өнеркәсіп парктерінің ауданы өсіп жатыр

Алматыда өнеркәсіп парктерінің ауданы өсіп жатыр
Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы өнеркәсіп парктерінің ауданы 2025 жылға қарай 250 мың м2-ге дейін үлкейеді

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шағын өнеркәсіптік парктерге бизнес тарапынан жоғары қызығушылық осы аумақтардың дамуына түрткі болады. Алаңдар кәсіпкерлер тарапынан сұранысқа ие, ал жеңілдетілген шарттар бағдарламаға жаңа қатысушыларын тартады.

«Резиденттер үшін 3 жылға дейінгі мерзімге 1 350 теңгеден коммуникациялары тартылған әрленген үй-жайлар көзделген, кейіннен жалға берілетін үй-жайдың бір шаршы метрін 180 мың теңгеден сатып алу мүмкіндігі бар, сонымен қатар, өнеркәсіп парктерінің резиденттеріне 7 жылға дейінгі мерзімге 70 млн теңгеге дейінгі сомаға жылдық 2%-бен жеңілдетілген несие беріледі», - деід Берік Солтанбаев.

Тиісті басқарманың басшысы қазіргі уақытта Алматыда шағын өнеркәсіп парктерінің 30 мың шаршы метрден астам үй-жайлары салынғанын айтты. Қазірдің өзінде олар кәсіпкерлік субъектілерімен толықты және 2025 жылға қарай ауданын 250 мың шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарланған.