Алматыда мопед жүргізушісі қоғамдық көлікке оқ атты

Алматыда мопед жүргізушісі қоғамдық көлікке оқ атты
Сурет: Ашық дереккөз

Қаскөй оқиға орнынан бой тасалады

Полиция оқыс оқиға бүгін, 5 мамырда, күндізгі сағат 10-00 шамасында қаланың Түрксіб ауданында орын алғанын растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті атап өткендей, жолдағы жанжал кезінде мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көлікке оқ атып, әйнегін сындырған. Қаскөй оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккендер жоқ.

"Мопедтегі адамның жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімімен қолға алынды", - делінеген хабарламада.