Жетісу өңірінде жаңа зауыт іске қосылды

Жетісу өңірінде жаңа зауыт іске қосылды
Сурет: Gov.kz

Бұл - темірді тікелей қалпына келтіретін зауыт.

Текеліде темірді тікелей қалпына келтіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мұнда қолданылатын өндірістік технологияның әзірге Қазақстанда теңдесі жоқ, экологиялық жағынан деңгейі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұны отандық қара металлургия саласын дамытудың маңызды қадамы деуге болады. Бірінші кезеңде 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алдағы уақытта жұмысшылар санын 500-ге дейін ұлғайту көзделген, тартылған инвестиция көлемі 4 млрд. теңгеден асады», - делінген Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.