Данияда әлемдегі ең танымал мейрамхана банкрот болды

Данияда әлемдегі ең танымал мейрамхана банкрот болды
Сурет: 24.kz

Дания астанасындағы «Нома» мейрамханасы банкрот болды және 2024 жылдың соңында келушілерге қызмет көрсетуін тоқтатады.

Тағамның қымбат бағасына қарамастан, бірнеше жоғары марапатқа ие болған мейрамхана тығырыққа тірелген, деп хабарлайды Almaty-aksjamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетерлігі, әйгілі скандинавиялық ас үйі Мишленнің қызыл нұсқаулығындағы 3 жұлдыздың үшеуін де иемденген.

2010 жылы британдық журналдың бағалауынша, «Әлемдегі ең үздік мейрамхана», ал 2011 жылы әлемдік ТОП-50 тізімнің басында болды. Бұл мейрамханада бір адамның тамақтануы үшін кемі 500 доллар кетеді.