Балалар RSV вирусымен ауырып жатыр

Балалар RSV вирусымен ауырып жатыр
Сурет: Naviny.online

Әдетте қыста болатын вирус сәуір айынан бастап таралған.

Америка Құрама Штаттары, Швейцария, Жапония және Ұлыбритания дәрігерлері балалардың респираторлық синцитиалды вирусты жаппай жұқтырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған BBC News-тің мәліметінше, шектеу шаралары жеңілдегеннен кейін балалар арасында аурушаңдық өсе бастады.

Сарапшылар коронавирус пандемиясы RSV вирусының таралуына әсер еткен, карантин шараларының салдарынан балаларда вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспаған деп санайды.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, балалардың көпшілігінде вирус суық тиген кездегідей жеңіл өтіп жатыр. Бірақ кейбірінің өкпесін қабындырып, бронхиолитке шалдықтыруы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары коронавирустың «дельта» штамы тарала бастағаннан кейін елде COVID-19 жұқтырған балалардың саны күрт өскенін хабарлады, бірақ жаңа зерттеу жаңа штамм едәуір қауіпті және аурудың ауыр түрін тудырады деп алаңдау негізсіз екенін көрсетті.