Алматыда оқушыларға мектепке қажетті жабдықтар берілді

Алматыда оқушыларға мектепке қажетті жабдықтар берілді
сурет: Aqsholpan.islam.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматыда республикалық «Игі істер» және «Мектепке жол» марафондары жүріп жатыр. 

Марафондар аясында Наурызбай ауданының әкімдігі «Қуаныш сыйла» акциясын өткізді. Игі шара барысында  30 көп балалы және аз қамтылған отбасы мектепке жабдықталып, бүлдіршіндерге форма, сөмке, спорттық заттар, оқу құралдары және тәттілер тарту етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Наурызбай әкімдігіне көп рақмет. Біз мынандай көмекті бірінші рет алып жатырмыз. Біраз жақсы зат алып келіпсіздер, бұл да көмек бізге. Сол үшін қуаныштымыз, рақмет», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Әлима Қожағұлова.

Бір ерекшелігі, биыл аудандық әкімдікте қызмет істейтін жас мамандар 1 миллион теңге қаражат жинап, игі шараны өз күшімен өткізген. Қайырымдылық акциясы 26 тамызға дейін жалғасатын  болады. Жалпы, жыл басынан бері ауданда 36 акция өткен. Оны ұйымдастырушылар жыл соңына дейін тағы 70 шара өткізуді жоспардап отыр.

«Бұрын әкімдік тарапынан аудандағы меценаттарды, демеушілерді ұйымдастырып,  аудандағы аз қамтылған отбасының балаларына демеушілердің қолдауымен осындай шаралар атқарылған. Ал, жас мамандардың ұйымдастыруымен бұл бірінші рет өткізіліп отыр», – деді Наурызбай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Фариза Ескендірова.