Алматыда мердігер ұйыммен келісімшарт бұзылды

Алматыда мердігер ұйыммен келісімшарт бұзылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасы мердігер ұйыммен келісімшартты бұзуға ниетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қалалық мобилділік басқармасы «Dauren Build» ЖШС-мен Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша талаптардың бұзылуына байланысты келісімшартты бұзуға ниетті екендігін растайтын ескерту жолдады.

Қазіргі кезде аталған нысан бойынша жөндеу жұмыстары тапсырыс берушінің келісімінсіз жиырма күннен астам тоқтатылған. Басқарма тарапынан жөндеу жұмыстарын жандандыру жөнінде бірнеше ескерту жолданды. Алайда мердігер ұйым жұмыстарға тек қазан айында қайта кірісті. Соынмен қатар техникалық қадағалау тарапынан де ескертулер берілгенмен, мердігер ұйым бұл қателіктерді жөндемеді.

Байзақов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінің беткі қабаты 24 тамыз күні тапсырыс берушіге ескертусіз тиісті жол белгілерімен бірге қырып тасталды. Осылайша, қазіргі кезде аталған көшенің аталған бөлігі көлік пен жаяу жүргіншілер үшін қауіп туындатып отыр.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші екінші тараптың өрескел қателіктеріне байланысты келісімшартты бекітілген мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Келісімшарт талаптарын бұзудың қатарында тапсырыс берушінің келісімінсіз жұмыстарды он бес күннен ұзақ тоқтату да бар. 

Жол қауіпсіздігі мен қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарма қолданыстағы заңнама аясында шара қолданады. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес тапсырыс беруші тарапынан келісімшартты біржақты бұзу туралы ескерту жолданыды, сонымен қатар айыппұл да қарастырылған.

Көлік қозғалысының жиілігін ескере отырып және апаттық жағдайлардығ алдын алу мақсатында Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөліктің орташа жөндеу жұмыстарын кәсіптің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өзге мердігер ұйымдар аяқтайтын болады.

Еске сала кетейік, биыл орташа жөндеу жұмыстарын жалпы ұзындығы 200 шақырым жолда жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі кезде негізгі магистралды көшелер бойынша жұмыстар аяқталды. Инженерлік желілерді ұйымдастыру жұмыстары уақтылы аяқталған жағдайда, аудандық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық сападағы жол үлесін 86%-дан 89%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.