Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді

Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жасыл желекті аптап ыстықтан қорғау үшін оларды суару жұмыстары жиіледі.


Ауа райының аптап ыстығына байланысты құрғақшылықпен күресу үшін,  қаланың барлық аудандарында жасыл желектерді суару жұмыстарын жиілетуге шешім қабылданды. Қажет болған жағдайда, кейбір аумақтар күнде суарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Көптеген аумақтарда автоматтандырылған суару жүйесі қолданылады. Сондай-ақ мердігер мекемелер  помпаны пайдаланады. Жаяу жүргіншілер көшелеріндегі көгалдар автоматты суару жүйесі мен су тасығыштардың көмегімен суарылады. 
Суару жұмыстары күн сайын кестеге сәйкес түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Сондай-ақ саябақтардағы, гүлзарлар мен жасыл аймақтардағы жасыл желектер қосымша суарылады. 


Қала аудандарының аумағындағы жұмыстарға қосымша 22 бірлік суару-жуу машиналары тартылды. 25 шілдеден 26 шілдеге қараған түні 22 машина 66 рейс жасап, жасыл желектерді суаруға 660 текше метр су пайдаланылды. Қаланың автомобиль жолдары бойындағы көгалдарды суару алаңы 105 мың шаршы метрді құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16