Алматыда ҚР Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматыда ҚР Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігінен

ҚР Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын қою рәсіміне Ерболат Досаев қатысты 

16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтуде. Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттары, Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, Ауған соғысы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, қаланың жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар желтоқсаншыларды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды.
 
Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.

«Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Біз Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігіміз туралы әрдайым есте сақтап, келер жас ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жастарға айтарым: білім алыңыздар, спортпен шұғылданып, ортақ үйіміз – Қазақстанды бірге көркейтейік», - деді Желтоқсан оқиғасының ардагері, «Өршіл рух» қоғамдық бірлестігінің басшысы Серік Мұхаметалин.

«Жыл сайын осында келу мен үшін үлкен мәртебе. Өткені мен 1986 жылы осында болдым. Мұның бәрі менің көз алдымда өтті. Мен үшін бұл қасиетті мереке, қасиетті күн. Бұл еске алу күні. Тәуелсіздіктің 32 жылында біз барлық салада көп нәрсеге қол жеткіздік. Әлемдік аренадаға танылу, дипломатиялық және экономикалық деңгейде танылу. Біз Орталық Азиядағы Орталық экономикалық драйверміз. Бұл күн 1986 жылы алғаш рет Тәуелсіздік туралы ойлағанымызбен құнды», - деп атап өтті Қоғамдық кеңестің мүшесі, жазушы, Жазушылар одағының мүшесі Бекнұр Кисиков.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғаларына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы» монументіне  гүл шоқтарын қою рәсімі 17 желтоқсан күні сағат 11:00-де өтеді.