Алматыда Көктөбеден өрт шықты

Алматыда Көктөбеден өрт шықты
Сурет: Ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр

Алматыда тау баурайындағы табиғи өрт тоқтар емес. Енді Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қ азАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18:58-де Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түсті.

«Тұтанған табиғи өртті сөндіруге өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 11:08 шамасында Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп тұтанған болатын.

Бұдан бөлек, қазір Кеңсай зираты аумағында тұтанған табиғи өртті сөндірумен 100-ден астам адам айналысып жатыр.