Алматыда қылмыс саны азайды

Алматыда қылмыс саны азайды
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қалада жалпы қылмыс саны 21,9%-ға төмендеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс саны – 30,7%-ға, кісі өлтіру – 31,2%-ға, қарақшылық шабуыл – 44,1%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 17,1%-ға, өліммен аяқталатын денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 41,2%-ға, зорлау – 25,5%-ға, тонау 8,9%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау – 37,1%-ға, пәтерлерден ұрлық жасау 12,6%-ға, көлік құралын иемденіп алу 25%-ға, бұзақылық – 3,9 есеге, алаяқтық 9,8%-ға азайды.

Сондай-ақ жасалған қылмыс бойынша: мас күйінде қылмыс жасау – 10%-ға, отбасы-тұрмыстық саласына қатысты – 6,1%-ға, адамдар тобымен – 20,2%-ға төмендеді.

Сонымен қатар қылмыстың бетін ашу жақсарды. Атап айтқанда ауыр және аса ауыр қылмыс -14%-ға, кісі өлтіру – 1,4%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 7,6%-ға, өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 27,8%-ға, зорлау 19,3%-ға, интернет-алаяқтық 5,3%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау – 15,8%-ға, тонау 14,6%-ға, қарақшылық шабуыл 10,3%-ға, бұзақылық 37,3%-ға, ұялы телефон ұрлығы 8,8%-ға, пәтер ұрлығы 4,7%-ға.