Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды

Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды
Сурет: ПД

Кесілген қос ұңғылы шолақ мылтық, 4 граната

Үлкен Алматы көлі бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, ҮАК бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды. 

Атап айтқанда, мәселе, кесілген қос ұңғылы шолақ мылтық, магазині бар газ тапаншасы, магазині жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, радиостанция жайында болып отыр. 

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. 

«Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен шынайы тиесілігі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталатын болады»,-делінген хабарламада.