Алматыда I Халықаралық цирк өнері фестивалі қалай өтті

Алматыда I Халықаралық цирк өнері фестивалі қалай өтті
almaty-akshamy.kz

Алматыда 26-30 шілде аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде ALMATY CIRCUS FESTIVAL I Халықаралық цирк өнері фестивалі өтті. Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтті, 5 күн ішінде циркке 8 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Фестиваль аясында 28 шілдеде қазылар алқасы және қонақтармен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Сол күні цирк ғимаратында фестиваль салтанатты түрде ашылды, онда шетелдік және отандық гимнасттар, акробаттар мен жонглерлер фестивальдің ең жоғары наградасын алу үшін өздерінің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

«Біз мұндай фестивальді алғаш рет өткізіп отырмыз және сол арқылы әлемдегі отандық цирк өнерінің үздік жетістіктерін сақтау, дамыту және ілгерілетудің қарапайым мақсатын басшылыққа аламыз», - деп атап өтті Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

Фестивальдің барлық бес күнінде әлемнің 14 елінен: Қазақстан, Германия, Вьетнам, Эфиопия, Якутия, Украина, Беларусь, Ресей, Ұлыбритания, Литва, Чехия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген әртістер мен циркшілер бір сахнада өнер көрсетті.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде цирк өнерінің барлық жанрларында эквилибристер, акробаттар, арқанмен жүрушілер, сайқымазақтар мен жонглерлер орындаған үздік нөмірлер ұсынылды. Іс-шара бағдарламасына  каскадерлік өнердің әлемдік жұлдыздары болып табылатын және Netflix, HBO халықаралық жобаларына қатысатын теңдесі жоқ отандық «Nomad» ат спорты мектебінің ат-акробатикалық нөмірлері ұсынылды.

30 шілдеде Қазақ мемлекеттік цирк ғимаратында ALMATY CIRCUS FESTIVAL халықаралық цирк өнері фестивалінің ресми жабылуы өтті. Бұл күні үздік әртістер салтанатты түрде марапатталды, сондай-ақ оның соңы гала-шоуға ұласты. Фестиваль ұйымдастырушылары әртістер арасында үш жүлделі орынды, сондай-ақ арнайы сыйлық – Гран-приді тағайындады. Оны арнайы Гран-приді «Құрмет» орденінің иегері Қанатбек Күнғожинов «Nomad» (Қазақстан, Алматы) атты акробатикалық нөмірімен алды. Алтын жүлдені Вьетнам, Якутия және Ресей цирк әртістері өзара бөлісті. Күмісті Өзбекстан, Қазақстан және Вьетнам цирктері жеңіп алды. Қола жүлдені Германия, Беларусь, Тәжікстан және Литва әртсітері иеленді.

Шетелдік цирк өнерпаздары үшін  қосымша номинациялар бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылды. Сонымен, Ресей, Вьетнам, Тәжікстан және Беларусьтан келгендер «Мамонтенок-2024» VII Халықаралық цирк өнері фестиваліне шақырулар алды, ал Литвадан келген әртіске Германиядағы «Winterzauber Event UG» Рождестволық цирк қойылымдарын ұйымдастыру жөніндегі компания директорының шақыру-келісімшарты берілді.

«Цирк манежі фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтары үшін достық қарым-қатынас және жаңа әртістермен танысу алаңына, елдер мен әртістер арасында перспективалы және жемісті жұмыс қатынастарын орнату мүмкіндігіне айналды. Бұл жыл сайын өткізілетін алғашқы фестиваль», - деп атап өтті фестивальдің қоюшы-режиссері, Удмурт Республикасының Халық әртісі және росгосцирктің бас режиссері Елена Петрикова.

Цирк өнерін сақтау және дамыту мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Almaty CIRCUS FESTIVAL халықаралық цирк өнері фестивалі өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары жыл сайын осындай іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Алматыда ALMATY CIRCUS FESTIVAL бағдарламасы 27 тамызға дейін жалғасады. Қойылымдар Қазақ мемлекеттік циркінде өтеді.